Студенттер үшін МӘМС статусын сақтау туралы
Кәмелетке толғаннан кейін көптеген жастар үшін өмірдің жаңа кезеңі – «ересек» кезеңі басталады. Алайда олардың барлығы толық медициналық көмек алу үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылған статусы болуы қажет екенін түсіне бермейді. Бұл мәселеде «студенттік» деген лақап атқа ие болған астаналық №3 қалалық емхана қызметкерлерінің рөлі ерекше. Өйткені, бұл емханаға бекітілгендердің көпшілігі колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері.
Студенттік емханада жастардың МӘМС жүйесіндегі құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. 18 жасқа толмаған жастар мемлекет өздері үшін жүйеге жарна төлегендіктен, тегін медициналық көмек алу құқығына ие. Алайда, толысқа толғаннан кейін жастар бұл мәселеге өздері назар аударуға тиіс.
Емхана қызметкерлерінің айтуынша, 18 жасқа толғаннан кейін сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін колледж немесе университетте күндізгі оқу бөлімінде оқуы қажет. Немесе ресми түрде жұмысқа орналасып, жарнаны жұмыс беруші төлей алады немесе жүйеге жеке өзі жарна төлей алады.
№3 қалалық емхананың терапевт дәрігері Әсел Әділбек: «Жастар өз құқықтарын білуі өте маңызды. МӘМС принциптері туралы білім оларға сапалы медициналық көмек алуға және денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.
МӘМС пакеті аясында медициналық көмек көрсету скринингтік зерттеулерден, дәрігерлердің кеңесінен, ауруларды диагностикалау және емдеуден, сондай-ақ стоматологиялық және стационарлық көмектен тұрады. Бұл барлығы тек сақтандырылған азаматтар үшін қолжетімді. Талаптарды сақтамау жастардың қажетті медициналық көмексіз қалуына әкеп соғуы мүмкін екенін ұмытпау керек.
МӘМС туралы сұрақтарыңыз болса, №3 қалалық емхананың пациенттерге қолдау көрсету қызметінің мамандарына жүгіне аласыз. Мұнда сізге қажетті барлық ақпаратты береді және жастарды қызықтыратын кез келген сұраққа жауап береді.
Жалпы алғанда, студенттердің МӘМС жүйесіндегі құқықтары туралы білім беру медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз етумен қатар, жас аудиторияда өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектеседі. Студенттер медициналық сақтандыру мәселелеріне саналы түрде қарап, өздеріне тиісті медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін жіберіп алмауы маңызды.